
Ауданның дамуына үлес қосқан жастардың арасында, өз өмірін қатерге тігіп, аянбай қызметің адал атқарған Хромтау ауданындағы №20 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Қалбай Санат аталған кеште "Жас құтқарушы" номинациясы бойынша марапатталды.
Қалбай Санаттың аудан көлемінде орын алған әрбір табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ат салысып, Бөлімінің дамуына қосқан үлесі зор.
Бүгінгі күні Хромтау ауданы әкімі Н.Тлеумұратовтың алғыс хатымен "Жас құтқарушы" номинациясының иегері атанды.
Ақтөбе облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы