
Бүгін 13:33-те Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының пультіне Ақтөбе қ., Нур Сити, 3 ш/а, 10 үйдің кіреберісі түтіндеп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жедел Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері шықты. Үш иінді баспалдақтың көмегімен өрт сөндірушілер үшінші қабаттың терезесіне көтеріліп, оны арнайы құралмен ашып, пәтерге кірді. Нәтижесінде газ плитасында тамақтың бақылаусыз қалдырылғаны анықталды. Барлау барысында қатты түтіндеу нәтижесінде 1978 жылы туған азамат пәтерден құтқарылды.
Айта кету керек, ағымдағы айдың басынан газ плитасында бақылаусыз тамақ қалдырғаны үшін инспекторлар 5 адамға ескерту жасады.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы