
Бүгін 12 сағат 30 минутта Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 мөлтек ауданының 19 үйдің 3 қабатының терезесінен 2018 жылғы бала құлап кеткені туралы ТЖД кезекшілік пультіне хабарлама келіп түсті.
Хабарлама түскен орынға жедел жәрдем жіберілді. Қазіргі уақытта бала облыстық балалар ауруханасында. Жағдайы қалыпты. Ағымдағы жылы ұқсас 4 жағдай тіркелді. Оның біреуі өліммен аяқталды.
Өз балаңызды қалай қорғау керек? Бала терезеден құлап кетпеу үшін не істеу керек?
Балаларды құлап кетуден қорғауға арналған арнайы құлыптайтын құрылғылар қарастырылған. Бекітілмеген терезелер мен балкон есіктері бақытсыз жағдайға әкелуі мүмкін екенін естен шығармағаныңыз жөн.
Бүгінде көптеген пәтерлерге москит торларымен жабдықталған пластикалық терезелер орнатылған. Торлар балаларды түрлі жәндіктердің шағуынан қорғайды, олардың жазда алаңсыз ұйықтауына мүмкіндік жасайды. Торлар кішкентай шегелермен терезе сыртынан бекітіледі және оңай басу кезінде сыртқа шығарылады, бұл жалған қауіпсіздік сезімін туындатады.
Есіңізде болсын: москит торы ең кішкентай баланың да салмағын көтермейді!
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды тағы да ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Терезелерде металл торларды орнату, москит торларына сенбеу, өйткені бұл қорғаныс емес. Терезенің есігін төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан жабыңыз және жиһазды терезенің жанына орнатпаңыз.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы