Ақтөбеде оқушыларға арнап ашық есік күні ұйымдастырылды

Ақтөбеде оқушыларға арнап ашық есік күні ұйымдастырылды

Оқушылар өрт сөндіру қызметінің құрылым тарихымен танысты.

Бүгін қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде мектеп оқушыларына арналып ашық есік күні ұйымдастырылды. Білікті мамандар ең алдымен оқушыларды нысанның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Содан соң өздерінің шытырманға толы жұмыстары жайлы баян етті.

Шара барысында оқушылар өрт сөндіру қызметінің құрылым тарихымен қатар, бүгіні мен ертеңі жайлы да ақпараттар алды. Оқушылардың қойған сұрақтар қатарында азаматтық қорғау саласында қызмет ету үшін қойылатын талаптар мен Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсу ережесі көп қойылды. Демек, бұл дегеніміз оқушылардың құтқарушы болуға деген ынтасының зор екендігін байқатады.



Ақтөбе облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы