
Ауа райының ыстық болуына байланысты қала мен ауыл тұрғындарының көпшілігі демалыс күндерінде суға түседі. Таза ауа, күннің көзі, суға шомылу тек қана қуаныш әкелмей, сонымен қатар ағзаны да шынықтырады. Алайда су адам баласының өмірін де әкетіп жататынын ұмытпау керек. Бұл көбінесе алкогольді күйде суға түскенде болып жатады.
Қазіргі уақытта өңірімізде күн жылынып, шомылу маусымы басталғанымен, карантиндік режимге байланысты суға шомылу маусымы кейінге шегерілгенін Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының құтқарушылары күнделікті халыққа хабарлап, алдын алу іс шараларын жүргізуде. Бірақта қаламыздың тұрғындары суға шомылуға тыйым салынғанына қарамастан, су айдындарына жиі шығып, әсіресе тыйым салынған жерлерде шомылуда. Соның салдарынан қаламызда суға кету жағдайы жиілеп кетті. Бұл қайғылы жағдайлардың басты себебі - судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2020 жылдың басынан 18 адамның қаза болу оқиғасы тіркелді, олардың 3-уі кәмелет жасқа толмаған балалар. 2019 жылдың есептік кезеңінде 15 адам, олардың ішінде 3 бала болған.
Ашық су айдындар адам өміріне өте қауіпті, сол себептен суға түсу, жүзу кезінде сақтық шараларын ұстану қажет. Таныс емес жерден суға секіру, сүңгу өте қауіпті – судың түбіне, ағашқа, бағанға және т.б қатты заттарға басыңызбен соғылып, мойын омыртқаңызды сындырып алып, естен танып, қайғылы жағдайға тап болуыңыз әбден мүмкін.
Жақсы жүзе білу – судағы қауіпсіз демалыстардың бірі болып табылады. Естеріңізде болсын, тіпті жақсы жүзе білетін адамның өзі судағы қауіпсіздік шараларын, тәртібін, сақтық шараларын қатаң ұстанулары керек.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдай департаменті Сіздерден суға түсу кезінде төмендегідей қарапайым ережелерді сақтауларыңызды сұрайды:
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы