Ақтөбеде 8 пәтерлі үй жанып кетті

Ақтөбеде 8 пәтерлі үй жанып кетті

2 тамыз күні 09 сағат 53 минутта Ақтөбе қаласы, Локомотивная көшесі, 12 А, 400 шаршы метрде 8 пәтерлі үйдің шатыры жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 52 қызметкер мен 15 бірлік техника, ҚТЖ өрт сөндіру поезы мен 3 қызметкер және ЖАО 3 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 11.42 шектеліп, 11.58 толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, жанып жатқан үйлердің қасында орналасқан 4 үй өрттен аман қалды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы