4 күнде төрт адам суға батып кетті

4 күнде төрт адам суға батып кетті

30.07.2020 жылы 17 сағат 45 минутта Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласынан 9 шақырым жердегі Энергетик саяжай маңында, Елек өзенінде белгісіз адам суға батып кеткені туралы Мұғалжар ауданының ТЖБ хабарлама түсті. Оқиға орнына Мұғалжар ауданының ТЖБ 2 адам және Ақтөбе қаласының 3-Өрт сөндіру бөлімінің 3 бірлік техникасы шықты. Нәтижесінде 1980 жылы туылған Ақтөбе қаласының тұрғыны мас күйінде тыйым салынған орында суға батып кеткендігі анықталды. Қасында 3 адам болған. Денесі 20 сағат 40 минутта 3 метр тереңдіктен шығарылды.

01 тамыз күні ТЖД-не Елек өзенінің жағасында адам суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті, осыған байланысты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел шықты. Нәтижесінде, 1980 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғыны суға шомылуға тыйым салынған жерге батып кеткені анықталды. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде және достарымен бірге болған. Суға батып кеткен азаматтың денесін құтқарушылар 3,5 метр тереңдіктен, жағадан 4 метр қашықтықта алып шықты.

Сондай-ақ, өткен тәулікте тағы 2 адам суға батып кетті. 15 сағат 36 минутта Мұғалжар ауданы, Ақкемер а/о, Ақкемер ауылында адам суға батып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті. Ауданның ТЖ және полиция бөлімі қызметкерлерінің келуімен 2003 жылы туған жасөспірім ата-анасымен бірге шомылуға тыйым салынған жерде демалып, суға батып кеткені анықталды. Сүңгуірлердің күшімен сағат 17.45-те баланың денесі 3,5 метр тереңдіктен шығарылды.

Әрі қарай, 18 сағат 50 минутта Алға ауданында Елек өзенінен 7 метр тереңдіктен Жедел құтқару жасағының қызметкерлері 34 жастағы ер адамның денесін судан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде болған.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті ЖПҚ және Экология департаменті инспекторларымен бірлесіп тұрғындар арасында рейдтер өткізуде. Сөйте тұра жыл басынан бері жиырма екі адам суға кетті, олардың төртеуі бала.  5 адам балық аулау кезінде суға батса, азаматтық тұлғалардың ішінен куәгерлер 3 адамды құтқарды.

Ақтөбе облысының ТЖД азаматтардан судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы