
Тәжірибе көрсеткендей, Ақтөбе облысының аумағында өрт қауіпті маусым сәуір айында басталып, қазан айында аяқталады.
Табиғи өрттердің пайда болу қаупін азайту бойынша барлық қажетті шараларды орындау үшін іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес кенттер мен қалалардың, сондай–ақ ауылдық елді мекендердің аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің орналасуы бірінші өрт сөндіру бөлімшесінің кенттер мен қалалардағы шақыру орнына келу уақыты 10 минуттан, ал ауылдық елді мекендер үшін – 20 минуттан аспауы тиіс деген шарт негізінде айқындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шығу радиусы көп жағдайда нормативтік мәндерден асып түседі, осыған байланысты келу уақыты ұлғаяды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере және облыс аумағының 300 629 км2 үлкен аумақты құрайтынын атап өте отырып, табиғи өрттерге уақтылы ден қою мен сөндіруде ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен құрылатын және дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді жүзеге асыратын ерікті өртке қарсы құралымдарға ерекше рөл берілгенін айта кету қажет.
Бүгінгі күні облыста 322 ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмыс істейді, олардың саны 2315 адамды құрайды.
Ерікті өрт сөндірушілер өртті сөндіруге бейімделген 681 бірлік техникамен, сондай-ақ 175 бірлік өрт сөндіру мотопомпалары және 1050 аспалы өрт сөндіргіштермен жабдықталған.
Өткізілген іс-шараларға қарамастан және облыс аумағында өте жоғары температуралық фонды ескере отырып, ағымдағы өрт қауіпті маусымда 3800 га астам алқапта 172 дала өрті, 10 000 га астам алқапта 10 дала өрті, 500 га астам алқапта 12 орман өрті анықталды және сөндірілді.
Табиғи өрттерді сөндіруді ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақтөбе облысының ТЖД бөлімшелері мен орман шаруашылығы мекемелері жүзеге асырды.
Ерікті өрт сөндірушілер табиғи өрттердің 93% - ын сөндіруге қатысты, олардың 58% - ы өздіктерінен сөндірді.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларына сәйкес өрттерді анықтаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері мен құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттерін тартуды ұйымдастырады.
Ақтөбе облысы ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы