Ақтөбеде жеке құраммен психологиялық жұмыстар жүргізілді

Ақтөбеде жеке құраммен психологиялық жұмыстар жүргізілді

Экстермалды жағдайларда психохологиялық дайындығын нығайту және теріс ықпалдарға тәуелді болудың алдын алу мақсатында Ырғыз ауданы бөлімшесінің жеке құрамымен психологиялық сүйемелдеу  жүргізілді.

Іс-шара барысында жергілікті емхананың психиатр-наркологы қызметкерлерге  психотропты заттарды қолданудың зияндылығын түсіндіріп, теріс тәуелді әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Департаменттің психологы жеке құрамға  аутоагрессивті мінез құлықтың алдын алу жолдарын,  құмар ойындарға тәуелді болудың зияндылығы, оған заң бойынша қойылған шектеулермен таныстырды және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырды.

Сонымен қатар, ұжымдағы моральдық психологиялық рухты көтеру және ынтымақтастықты арттыру мақсатында тимбилдинг ұйымдастырды.

Тимбилдинг барысында ортақ мінез-құлық стратегиясын бірлесіп құрастыруға, бір бірін жақыннан біліп өзара сенімділікті қалыптастыруға бағытталған ойындар қолданылды.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы