
Өртке қарсы қызмет гарнизоны арасында «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» сайысы тартысты өтті.
Жыл сайын бұл сайыстар кәсіпқойлардың үздік ұжымдарын анықтайды. Байқауға .. өрт сөндіруші қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды.
Мұндай жарыстардағы ең қиын нәрсе - психологиялық тосқауылды еңсеру, қараңғылық пен каустикалық түтіннен зардап шеккен адамға көмектесу және өрт ошағын жою. Өрт сөндірушілердің айтуынша, көп нәрсе газ – түтіннен қорғау қызметінің бүкіл буынының іс-әрекеттерінің ұйымшылдығы мен үйлесімдігіне байланысты - өйткені, нағыз өрттегі сияқты, мұнда барлығы бір байламда жұмыс істейді.
Осылайша кәсіби шеберлік сынға түскен сайыс қорытындысына сәйкес ГТҚҚ үздік буыны бойынша 1-орын №24 ӨСБ алса, 2-орын №3 ӨСБ иеленді,3-орын №4 ӨСБ түйіндеді.
Үздік ГТҚҚ қызметкері бойынша 1-орынды №23 ӨСБ қызметкері Жаппарбердиев.Ж алса, 2-орын №22 ӨСБ қызметкері Маратов.М иеленді, 3-орын №24 ӨСБ қызметкері Шоқпаров.С қорытындылады.
Үздік ГТҚҚ күзетшісі бойынша 1-орынды №4 ӨСБ қызметкері Жанабай Н жайғасса, 2-орынды №23 ӨСБ қызметкері Сайлаубай.Б алды, ал 3-орынды №5ӨСБ қызметкері Досов.А қанжығасына байлады.