Ақтөбе қаласының аумағында 3 химиялық қауіпті объекті орналасқан.
Жиында химиялық қауіпті объектідегі авария кезіндегі тұрғындарды қорғау тәсілдерін жетілдіру, химиялық қауіпті объектілердің өндірістік процесін қауіпсіз реагентке көшірудегі проблемалық мәселелер, хлорды және натрий гипохлоридін өндіру бойынша қазіргі заманғы модульдік құрылғылар және т.б. мәселелер қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша химиялық қауіпті объектілерде авариялар орын алғандағы тиісті органдардың әрекет ету алгоритмінің жобасы әзірленді.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы