
Оттегі баллон жарылысының салдарынан қайғылы оқиғалар елімізде жиі болып тұрады. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше жанұя қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді.
24.07.2020 жылы 17 сағат 10 минутта Ақтөбе қаласы,Астана қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 58 "г" мекенжайында орналасқан "Әлібек" дүкенінен түтін шығып жатқаны туралы Өрт сөндіру қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 14 адам, 3 автокөлік жіберілді. Оқиға орнына келгенде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 50 ш.м. "Әлібек" дүкенінің жануы анықталды. Өрт 17 сағат 20 минутта жойылды. Өрт сөндіру барысында 4-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары Алмат Кошиев пен Ербол Мүслім өз өмірлерін қатерге тіге отырып,еш қаймықпастан батылдық танытып, қауіпсіз жерге екі оттегі баллонын алып шығып, жарылысқа жол бермеді. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы