
Көліктегі өрттер, атап айтқанда, автокөліктердің өртенуі – біздің күнделікті өмірімізде жиі кездесетін құбылыс. Ақтөбе облысы ТЖД статистикалық мәліметтеріне сәйкес, өрттің бұл түрі тұрмыстағы өрттерден кейін екінші орын алады, осылайша 2020 жылдың 6 айы ішінде 83 автокөліктегі өрт тіркелді, оның ішінде жүк – 23, жеңіл – 57 және теміржол көліктерінде - 3.
Әрине, себептедің бірі – электр сымдардың қысқа тұйықталуы. Және бұл көп жағдайда осы электр сымдарына артық жүктеме жасағандықтан болады, сондай-ақ электр жабдықтарын монтаждау ережелерін бұзу себебі бойынша. Автокөліктегі өрттен келген материалдық шығын 76 млн.280 мың 348 теңгені құрады.
Мысалы, бүгін 09 сағат 55 минутта Ақтөбе қ., А. Молдағұлова мен Сәңкібай батыр даңғылы қиылысында 2007 жылы шығарылған Nissan X-Trail маркілі автокөліктің жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Көлік Армения Республикасында есепте тұрған. Өртке 6 адам, 1 автокөлік жіберіліп, 10 сағат 09 минутта толық сөндірілді. Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында көлікте орнатылған газ жабдығы уақтылы шығарылды. Өрт себебі анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы