Жоғары температураға байланысты өрт саны артты

Жоғары температураға байланысты өрт саны артты

Жалпы Ақтөбе облысының аумағында 334 өрт болды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бастап орман алқаптарында 70,6 Га алқапта 8 өрт болды және жалпы көлемі 6 мың Га астам алқапта далада 4 өрт және 114 өрт болды.

Тек соңғы 4 тәулік ішінде ғана ауа температурасы 40оС-қа дейін болғанда облыс аумағында 4 дала және 5 орман өрті орын алды.

Ең ірі табиғи өрттер Әйтеке би, Мәртөк, Шалқар, Мұғалжар және Ойыл аудандарында орын алды.

Аталған жану себептері тасталған темекі тұқылдары, от жағу, ауыл шаруашылығы көліктерінде ұшқын сөндіргіштердің болмауы, сондай-ақ егіс алаңдарында шөп қалдықтарын жағу сияқты адами фактордың әсері болып отыр. Осыған байланысты халықты қайғылы жағдайларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы