
Ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалды жақсарту, қызметкерлердің бір бірімен ауызбіршілігін дамыту, теріс тәуелділіктерге әуестіктің және заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында Департаменттің психологы қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында құмар ойынына қойылатын заң бойынша шектеулер мен отбасында зорлық зомбылық әрекеттерге жол бермеу бойынша заңда көрсетілген жауапкершіліктермен таныстырды.
Психолог қызметкерлерге заң бұзушылық жасаудың салдары мен ұжымға келтіретін залалы туралы түсіндіріре отырып қызметкерлерге бір-біріне сыйластық танытуға, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға және отбасылық құндылықтарды сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік тұрмыстық жағдаймын танысу және қызметтік, жеке мәселелер бойынша әрбір қызметкермен дербес әңгімелесу жүргізілді.