Газ баллон жарылысына жол бермедi

Газ баллон жарылысына жол бермедi

2020 жылы 17 шілде күні 17 сағат 24 минутта Әйтеке би ауданының Комсомол ауылы №9 Өрт сөндіру бекетінің 101 пультіне Әйтеке би ауданы Талдысай ауылы Набержная көшесінде үйдің ауласындағы сарай мен гараждың жануы туралы ақпарат келіп түсті.

Хабарлама бойынша 17 сағат 25 минутта №9 Өрт сөндіру бекетінен 3 адам 1 техника (АШ-8-40 Урал) оқиға орнына шықты. 17 сағат 39 минутта өрт орнына келіп қанат жаю жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кірісті.

Өртті барлау барысында жанып жатқан гараждың ішінде 4 газбаллон бар екені анықталды. Қарауыл бастығы а/қ аға лейтенанты Қажқайдар Жасұлан 2 газбаллонды қалың матамен орап тұрғын үйдегi адамдарға залал келтірмейтін қауіпсіз жерге алып шықты. Қалған екі газбаллонды өрт сөндіруші а/қ кіші сержанты Ислам Нұрдәулет, қауіпсіздік шараларды сақтап далаға алып шықты.

Өрт 19 сағат 05 минутта шектелді. Өрт толығымен 19 сағат 15 жойылды. Өрт сөндіру барысында газ баллонндардын жарылуына жол берілмей, жақын орналасқан тұрғын үйлер құтқарылды.

 

                                               Ақтөбе облысы "ӨСжАҚЖҚ" ММ

Iшкi және сыртқы коммуникациялар тобы