
Суда жүзе алатын адам өзін сенімді сезінеді, суға батып бара жатқан адамға көмектесуге дайын.
Ақтөбе облысында өрт сөндіру және ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері суда жүзуге және суға батқандарды құтқаруға үйретілуде. Бассейінде ұйымдастырылған сабақ аптасына 5 күн өткізіледі.
Шілде айында жалпы 122 қызметкерді жүзуге үйрету жоспарланған. Жүзу курсын аяқтаған қызметкерлер облыс су айдындарында рейд жұмыстарына жұмылдырылатын болады.