Суға түсу маусымында сақтық керек

Суға түсу маусымында сақтық керек

Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, халықпен тұрақты түсіндіріліп күнделікті рейдтер жүргізілуде

Жаз мезгілінде ең көп таралған құқық бұзушылықтар жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктерді ішу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болу болып табылады.

10-11 маусым күндері Ақтөбе қаласының аумағында ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімі мен полиция қызметкерлері бірлесіп суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейд жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында үлкендердің қарауынсыз тыйым салынған жерге суға түскен 27 бала анықталып, Ата-анасына әкімшілік шара ( ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша-5 айыппұл, 364 бабы бойынша-15  ескерту) қолданылды.

Ата-аналарға балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды және суға түсуге жабдықталмаған орындарға шомылумауды сұраймыз.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы