
Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.
Тәулігіне 5150 қап және 164 тонна инертті материалдар төселді.
Құтқарушылар топтары және ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасауда.
Жайсаңбай ауылына көмек көрсетуге заттарды тасымалдау үшін қосымша шынжыр табанды тартқыш техникасы жіберілді.