Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізілді

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізілді

Көптен күткен жаздың басталуымен балалардың судағы қауіпсіздігі туралы мәселе өзекті болып отыр. Су-адамның жақсы досы және одақтасы, демалуды тиімді пайдалануға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ сонымен бірге ол жеңілдікке жол бермейді және жоғары қауіптің көзі бола алады. Әр адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі керек. Шомылу қауіпсіз болуы үшін не істеу керек? Қандай ережелерді сақтау керек?

Осындай сақтық шараларын түсіндіру үшін «Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел - құтқару жасағы» РММ құтқарушылары оқушылармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізуде. Бүгінгі таңда нұсқаулық сабақтар 31 мектепте өткізіліп, оған 8966 оқушы қатысты. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы