Құтқарушылар 7 Тәжікстан Республикасының азаматтарын эвакуациялады

Құтқарушылар 7 Тәжікстан Республикасының  азаматтарын эвакуациялады

12 наурыз күні Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, "Самара-Шымкент" а/ж 980 км шақырымнда автокөлік  бұзылып эвакуациялау қажеттігі бойынша хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар 7 Тәжікстан Республикасының  азаматтарын "Ақжол" кемпингіне  эвакуациялады.  Медициналық көмекті қажет етпеді.

Жолаушылар "Мәскеу-Душанбе" бағыты бойынша жолға шыққан.

Қатысқандар:

Бекет бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Демесинов Айболат, жүргізуші азаматтық қорғау кіші сержанты Каскырбай Жәнібек.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы