
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 8-9 ақпанда "Көктем-2024" Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі Республикалық штаб Ақтөбе қаласында орналасқан.
Оқу жаттығу жетекшісі подполковник Оразалин Қаһарман Нұртасұлы Ақтөбе облысы ТЖ департаментінде «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша жиналыс өткізді.
Жиналыста Қаһарман Нұртасұлы Ақтөбе облысы ТЖД жедел штабтың жұмысымен танысып, оқу жаттығу бойынша өзекті негізгі мәселелерді қарады.
Жедел штаб мамандары ақпаратты жинау және өңдеу, жағдайға мониторинг жүргізу және оны бағалау, су тасқыны қаупі бар учаскелерге күштер мен құралдарды бөлу бойынша жұмыс жүргізеді.
Жиын соңында Қаһарман Нұртасұлы оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдына "Көктем-2024" Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығу өткізу кезеңі бойынша тапсырмалар қойды.