
Брифингке Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы И.Байтұрсынов және Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының офицері капитан Ж.Тулепбергенов қатысты.
19 қаңтарда православтық христиандар «Крещения Господне» мерекесін атап өтеді.
«Шоқыну рәсімінен өту» үшін, су айдындарында (өзендерде, көлдерде) 16 орын анықталды.
Ақтөбе қаласы – 3 орын (1) Елек өзені К. Нокин көшесі 2/1 №32 құтқару бекеті 2) тұрғындар қалашығы ауданы «Болашақ» жағажайы аумағы 3) Кірпішті ауданы «Greend Land» демалыс орталығы – ақылы негізде). Мұздың қалыңдығы – 30 және 32 см құрайды.
Қарғалы ауданында – 4 орын (1) Бадамша ауылы – карьер «Депо» 2) Петропавловка ауылы, Қарғалы өзені 3) Қос-Естек ауылы, «Қос-естек» өзені, 4) Ащылысай ауылы, кіші Ақтөбе өзені), Алға ауданында – 3 орын (1) Алға қаласы Елек өзені «Май зауыты» аумағы, 2) Бесқопа а.о. Есет батыр ауылы 3) Тамды а.о.).
Ал Әйтекеби (Т.Жүргенов ауылы Ырғыз өзені «Арна» жағажайы), Қобда (1) Қобда ауылы , Қобда өзені), Мәртөк (Мәртөк ауылы, Казанка-2 бөгеті), Мұғалжар (Ембі қаласы Жем өзені), Ойыл (Ойыл ауылы Елек өзені,), Хромтау (Хромтау қаласы Жарлыбұтақ өзені) аудандарында -1 ден. Аудандар бойынша мұздың қалыңдығы 30-45 см құрайды.
Департамент пен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамы 2024 жылдың 18 мен 20 қаңтары мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін кезекшіліктің күшейтілген түріне көшіріледі.
Суға түсу орындарында барлық жедел қызмет өкілдері кезекшілік атқарады.
Барлығы 111 адам (ТЖД-54, Полиция департаменті-34, Денсаулық сақтау басқармасы-23) және 46 техника (ТЖД-18, Полиция департаменті-16, Денсаулық сақтау басқармасы-12) қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Қаңтардың 18-19 күндері ауа температурасы орташа есеппен күндіз -9-11 және түнде – 17-20 градус аяз болатыны (жел-6 м/с) күтілуде.
Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде шомылу жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз (ҚР ӘҚБтК 412-бабы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау).
Суға сүңгуді жоспарлағандар үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
- екі-үш сағат бұрын мықтап тамақтану керек, бірақ алкогольдік ішімдік ішпеу керек;
- суға сүңгуден бұрын жаттығулар жасау, жүгіру арқылы денені жылыту;
- аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек. Шұңқырға жету үшін етік немесе жүннен жасалған шұлықты қолданған дұрыс. Шұңқырға барғанда, жол тайғақ болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн;
- дененің жалпы гипотермиясын (дененің суып кетуі) болдырмау үшін 30 секундтан артық шұңқырда болмаңыз;
- шомылғаннан кейін (суға батырылғаннан кейін) өзіңізді және балаңызды түкті сүлгімен сүртіп, құрғақ киім киіңіз;
- иммунитетті нығайту және гипотермияның (дененің суып кетуі) алдын алу үшін алдын ала дайындалған термостан жидектер мен жемістер қосылған ыстық шай ішу керек;
- мұз астына түсіп кетпеу үшін мұздың кішкене бөлігінде адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек.
Есіңізде болсын, қысқы жүзу жіті және созылмалы (өршу сатысында) аурулары бар адамдарға қарсы көрсеткіш болып табылады.