Өрттің негізгі шығу себептеріне келетін болсақ, автокөліктің электр жабдықтары қондырғыларын құру, пайдалану талаптарының бұзылуынан, электр желілерінің қысқаша тұйықталу жағдайлары әсер етуінен және автокөліктегі газ қондырғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары болып отыр.
Автокөліктің өртену себебі мыналар болуы мүмкін:
-электр сымдарының ақауы, жанармай жүйесіндегі қысымның төмендеуі,
-кейбір бөлшектердің жоғары температурасы,
-автокөлікте темекі шегу,
-қауіпті жүктерді дұрыс тасымалдамау,
-автокөліктің соқтығысуы,
-арам ойлы адамдардың өрт қоюы.
Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауыңызды сұрайды. Сақ және қырағы болыңыз.
Автокөлікте өрт болған жағдайда дереу «101», «112» телефондары арқылы өрт туралы хабарлаңыз.
МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ