Құтқарушылар Тәжікстан Республикасының азаматтарына көмекке келді

Құтқарушылар  Тәжікстан Республикасының азаматтарына көмекке келді

12 желтоқсан күні Ырғыз ауданы «Самара-Шымкент» тас жолының 1104-ші шақырымында 62 жолаушысымен  «Kassbohrer» маркалы жолаушы автобусы бұзылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар және ЖАО күшімен 62 Тәжікстан Республикасының азаматтары Ырғыз ауылының орталық мектебіне эвакуацияланды.

Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.

Қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын  жерге бармаңыз.

Қала сыртына бара отырып, жолдардың жай-күйі туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан білуге болады.

Көлікте жолға шыққанда әрқашан алғашқы көмек жинағы, кабель, зарядталған телефон болып, сіздің орналасқан жеріңіз және жақын адамдарыңызға жоспарланған қайту уақыты туралы хабарлау керек.

Төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне хабарлау қажет

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі