Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазіргі уақытта қазіргі қоғамда тәуелділіктің әртүрлі түрлерінің проблемасы өткір тұр. Барлық үгіт-насихат және алдын-алу шараларына қарамастан, тәуелділікке бой алдырған адамдар қатары азаймай тұр. Теріс тәуелділікке бой алдырған адам өзінің өміріне балта шабуы мүмкін. Статистикалық мәлімет бойынша елімізде өз-өзіне қол жұмсаған адамдардың 30%-дан астамы құмар ойындар мен есірткіге тәуелді болғандар.

Теріс әдеттерге тәуелділіктің және өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары құзыретті мамандармен жеке құрам арасында теріс тәуелділіктерге бой алдырмау бойынша түсіндіру шараларын жүргізіп келеді.  

2023 жылғы 06-09 қараша аралығында ТЖД психологтары мен облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Ж. О. Шинтемирова қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы арасында алкоголь мен есірткі заттарын қолданудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ лудомания мен құмар ойындарға ерекше көңіл бөлінді. Сабақ барысында тәуелділіктерге байланысты негізгі проблемалар мен салдарлар, олардың адам ағзасы мен психикасына зияны туралы айтылды.