Өзге жанға - өмір сыйла!

Өзге жанға - өмір сыйла!

Әр адам өмірінде бір рет болса да «Шұғыл қан қажет» деген сөзді естіп жүргені бәрімізге аян. Адам бойындағы қайғыға ортақтасып, тілеулестік білдіріп, қолдарынан келгенше қол ұшын созу — әрбір дені сау адамның азаматтық парызы.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері әртүрлі оқиғаларға шақырту алып, шақырту орнына барған кезде көптеген оқиғаларға куә болады. Соның ішінде адамдардың қан жоғалтуына байланысты өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан жандарды кездестіріп жүр.
Донор жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан зардап шегетін науқастардың өмірін ұзартуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері тілсіз жаумен күресіп қана қоймай, адам өмірін құтқаруда әрдайым бірінші.
19-қазан құтқарушылар күні қарсаңында Кадр және тәрбие жұмысы
басқармасының қызметкері сирек кездесетін қан тобына жататын Кубашев Талғат Серікұлы шұғыл қан қажет етіп жатқан Ақтөбе қаласының тұрғынына донор болып, облыстық қан орталығында қан тапсырды.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері қызметте жүріп, адам өмірін құтқарып қана қоймай, осылайша азаматтарға әрдайым көмек қолын созуға тырысады. Жеке құрамның осы іспетті игі істермен айналысуы көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз.