
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хатын орындау мақсатында 27 қыркүйекте Шалқар ауданы, нөмірі 3-ші мектеп ғимаратында өрт тактикалық жаттығу өткізілді, сонымен қатар мектеп мұғалімдері, персоналымен оқушыларына «Мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт дабылы кезіндегі іс-әрекеттер», «Эвакуация кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында нұсқама өткізілді.
Шалқар ауданы ТЖБ