Мәртөк ауданында ерлер арасында өрт-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат аяқталды

Мәртөк ауданында ерлер арасында өрт-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат аяқталды

Жалпы чемпионатқа 21 аудан және қалалық бөлімшелерден 126-ға жуық адам қатысты.

Жарысқа қатысушылар 100 метрлік кедергі жолағынан секіру, өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю спорт түрлері бойынша өз шеберліктерін шыңдады.
Қазылар алқасы жарыстардың барлық кезеңдерінде орындаудың сапасы мен жылдамдығын бағалап, ескерді.

Жарысқа қатысушылар чемпионаттың әр кезеңінде шыдамдылық танытып, жеңіске деген ерік-жігерліктерін көрсетті.

Жалпы командалық есепте 1-ші орынды #2 МӨСБ иеленсе, 2-ші орынды #21 Сарыжар өрт пунктінің құрамасы алды, ал 3-ші орынды #1 МӨСБ қанжығасына байлады.

Барлық кезеңдер бойынша жеңімпаздармен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық чемпионат аясында өрт сөндіру техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы