
Өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алу– өте маңызды міндет. Өскелең ұрпақтың ережелерді оңай есте сақтауы және меңгеруі үшін ТЖД мамандары танымдық іс-шаралар өткізуде.
Құтқарушылар өрттердің неліктен, соның ішінде балалардың отпен абайсыз қарым-қатынас жасауы себебінен болатыны туралы айтты. Қауіпсіздік ережелерін және өрт туындаған кезде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіреді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін еске салады. Оқушылар ТЖ қызметінің қызметкерлері қойған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.
Сонымен қатар төтенше жағдайдың алдын алу және жоюда, оқушыларға өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ережелері мен азаматтық қорғаныс саласының маңыздылығын түсіндірді.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы