Көп қабатты тұрғын үйдегі шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Көп қабатты тұрғын үйдегі шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша  Фаворит көпқабатты тұрғын үйінің 9 қабатындағы пәтерде ас үйде қысқа тұйықталу орын алып, жоғарғы қабаттарда қатты түтін пайда болды.

Ақтөбе қаласының өрт сөндіру қызметінің «101» желісіне өрт туралы хабарлама келіп түседі.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды түтін баспайтын баспалдақ маршы, автосаты және  алпинистік жабдық арқылы  адамдарды құтқарып, эвуакациялады.

Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері биік үйдегі өртті сөндіру тактикасын пысықтады, арнайы және көмекші техниканы пайдалана отырып, адамдарды үйдің жоғарғы қабаттарынан құтқару және эвакуациялау. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты-халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру.

Оқу-жаттығуға 8 бірлік техника мен жеке құрамның 53 адамы жұмылдырылды.

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі