"Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" ММ мен "Қуаныш К" ЖШС арасында "Ақтөбе қаласының Құрайлы тұрғын алабында өрттерді сөндіру/өрттердің алдын алу жөніндегі қызметтерді"орындауға шарт жасалды. Бекет Құрайлы тұрғын алабынан 5 км қашықтықта орналасқан. Бекет өрт-техникалық қару-жарақпен жарақтандырылған, сондай-ақ оқытылған өрт сөндірушілермен жабдықталған, атап айтқанда: қарулануда су көлемі 5 және 8 тонна КАМАЗ шассиі базасында екі бірлік өрт сөндіру автомашинасы және УАЗ базасында 1 бірлік авариялық-құтқару автокөлігі бар. Өрт сөндіру құтқару депосының жалпы штат саны 55 бірлікті құрайды, қалалық, радио және мобильді байланыспен жарақтандырылған диспетчерлік қызмет, ауа баллондары мен маскалардың қажетті қоры бар газ-түтіннен қорғау қызметі бар. Автокөліктер тиімділік нормаларына сәйкес жабдықтармен жабдықталған, жарамды және жауынгерлік есепте.
Өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерінің толық жиынтығы, сондай-ақ БОП пен өрт сөндірушілердің жеңдерінің қосалқы жиынтығы бар. Қызмет тәулік бойы ұйымдастырылған.
30.08.2023 жылы Ақтөбе қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Жанабергенов және Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының АҚ және ТЖ бөлімінің басшысы Б. Тұрғалиев Құрайлы темір жолындағы өрт сөндіру бекетін тексерді.
Ақтөбе қаласы, ТЖБ