
1 тамыз күні ТЖД бастығы полковник М.Аманбаев және “ӨСжАҚЖҚ” ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.Қадыров жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданы, Ембі қаласына барды.Сапар барысында ТЖД басшылығы #14 Өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысып, #14 Өрт сөндіру бекетінің гарнизонның жеке құрамымен кездесу өткізді.Кездесуде жеке құрамның қызмет атқаруының материалдық-техникалық жағдайымен танысып, әскери тәртіптің күшейтілуі, жемқорлыққа жол бермеу әрекеттері мен заңнамалар нормасын қатаң сақтау сияқты бірнеше мәселелер талқыланды.Сонымен қатар Суға шомылу маусымы бойынша Ембі қаласындағы комунальдық жағажайдың жұмысымен танысты.
Күнделікті су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі,жастар ресурстық орталығы қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізеді.Сапар соңында ТЖД басшылығы Ембі қаласы, #14 өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Берікқали Мұстафиннің үйіне барып, қоныс тойымен құттықтап, шаңырақтарына ырыс-береке тіледі.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы