
Тараз қаласындағы ерлер арасындағы өрт-сөндіру- құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХІХ жазғы чемпионаты және әйелдер арасындағы ІХ чемпионаты өтті.
19-22 шілде аралығында кәсіби спорт түрінен өткен сайыста Қазақстанның облыстары мен қалаларының ТЖД 33 үздік ерлер мен әйелдер командалары бақ сынады.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеруде, шабуыл сатысымен көтерілуде, өрт эстафетасында, жауынгерлік қанат жаю бойынша сынға түсті.
Қазақстан Республикасының ХХІХ ерлер арасындағы және әйелдер арасындағы ІХ өрт сөндіру құтқару спортынан Ақтөбе облысының ТЖД ерлер құрама командасы жауынгерлік қанат жаюдан командалык екінші орын, жалпы командалық үшінші орынды иеленді.
⚜️Құтқарушы спортшыларды Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны салтанатты түрде күтіп алып, жеңімпаздарды құттықтады.
Құтқарушы спортшыларға биік шыңдар мен жарқын белестер тілейміз!
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы