Құтқарушылар көмегімен суға батқан жеңіл автокөлік судан шығарылды

Құтқарушылар көмегімен суға батқан жеңіл автокөлік судан шығарылды

24 шілде күні Актөбе қаласы, Алматы ауданы, “Қисық өзені” ауданында жеңіл автокөліктің суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Нәтижесінде құтқарушылардың көмегімен жеңіл автокөлік судан шығарылды.

Алдын-ала ақпарат бойынша ер адам балық аулауға келіп, өзеннің жағасына көлігін қойып кетеді, кенеттен көлік өзенге құлап кеткен.

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысы ТЖД қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді!

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы