Ақтөбелік құтқарушылар үйлеріне келді

Ақтөбелік құтқарушылар үйлеріне келді

10 шілдеде Ақтөбе облысы ТЖД 32 өрт сөндіруші мен 5 техника бірлігі Батыс Қазақстандағы дала өртін сөндіруге әріптестеріне көмек көрсетуге барған болатын.
12 шілдеде Ақтөбелік өрт сөндірушілер өз міндеттерін атқарып үйлеріне аман-есен оралды.
Батыр және батыл өрт сөндірушілерді ТЖД бастығы полковник Марғұлан Аманбаев қарсы алып, өртте көрсеткен қырағылықтары мен кәсібиліктері үшін алғысын білдірді.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы