Ырғыз ауданы Нұра өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері суға шомылу маусымына орай жадынамалар таратуда

Ырғыз ауданы Нұра өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері суға шомылу маусымына орай жадынамалар таратуда

Ырғыз ауданы Нұра өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері суға шомылу маусымына орай жадынамалар таратуда.

Көптеген жағдайларда су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың себебі - жабдықталмаған және рұқсат етілмеген су айдындарында суға түсу, жүзе алмау, балалардың ата-ананың қарауынсыз қалдыру салдарынан болады.

Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді‼

Суға шомылу кезінде жол берілмейді:

1) мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

3) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

6) су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

7)жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

8) жалған дабыл беріп айғайлауға;

9) техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

10) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі