
Су айдындарының жағалау белдеулерін патрульдеу, суда жүзу үшін қауіпті және тыйым салынған орындарда құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер адамдарға жадынамалар мен брошюралар түріндегі судағы қауіпсіздік ережелерін тапсыра отырып, профилактикалық шараларды түсіндіріп, әңгімелесулер жүргізеді.
Бүгінде құтқарушылар рейдтік іс-шара аясында Ақтөбе қаласы, Елек өзеніндегі суға түсуге рұқсат етілмеген аймақта демалушыларды анықтап, суға түсуге қауіпті аймақ екенін ескертіп,үйлеріне қайтарды.
Сонымен аталған іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысты.
Көптеген жағдайларда су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың себебі - жабдықталмаған және рұқсат етілмеген су айдындарында суға түсу, жүзе алмау, балалардың ата-ананың қарауынсыз қалдыру салдарынан болады.
Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді!
Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қорғау үшін судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:
балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің еріп жүруінсіз олардың шомылуына жол бермеу;
бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Су иірімі» ескертулеріне назар салыңыз;
мас күйінде шомылуға болмайды;
жүзу шекаралары белгіленген қалқымалардан тыс жүзуге болмайды;
шағын көлемді кемелерге және басқа жүзу құралдарына жүзуге болмайды;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
қайықтардан, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, тастар, қоршаулар және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу.
Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі