
Мұғалжар ауданы, Сағашилі ауылының лагерь тәрбиеленушілері Мұғалжар ауданының №8 өрт сөндіру бөліміне қонаққа келді. Мектеп оқушыларына құтқару жабдықтары, құтқарушылардың күнделікті атқаратын жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ лагерь тәрбиеленушілеріне жазғы суға түсу маусымы және өрт қауіпті кезеңдерінде қауіпсіздікті сақтау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Мұғалжар ауданы ТЖБ