Қарғалы ауданының ТЖБ жеке құрамымен кездесу өткізілді

Қарғалы ауданының ТЖБ жеке құрамымен кездесу өткізілді

2023 жылғы 31 мамырда Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрам бойынша инспекторы азаматтық қорғау капитаны Т.Құбашев Қарғалы ауданының гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының және ойынға тәуелділіктің алдын алу, қызметтік және әскери тәртіпті, әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жеке құраммен әңгімелесті.
Қызметкерлердің тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында, бөлімнің қарауыл бастығының пәтеріне барды.
Сондай-ақ, Қарғалы ауданының ІІБ-нің қызметкерлері шақырылып, олар жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, шетелдік автокөліктерді тіркеу және алып тастау бойынша түсіндірмелер берді.
Қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар алды.

Ақтөбе облысының ТЖД Кадр саясаты басқармасы