
Брифингке Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғау Басқармасының бастығы И.Байтурсынов, АҚБ офицері Ж.Тулепбергенов және ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағалиев Нұрболат қатысты.
Азаматтық қорғау басқарма бастығы И.Байтурсынов өз кезеңінде «суға шомылу маусымындағы» атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша атап өтті.
Облыс су айдындарында адам өлімінің алдын-алу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп онда суға шомылу кезеңінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар кешені қарастырылды.
Облыс аумағында суға түсуге тыйым салынған орындарға 203 тыйым салу белгісі орнатылды.
Қала және аудандар әкімдіктерінен, жеке жағажай иелеріне 71 орынды тексеруге өтінім келіп түсті. Соның ішінде қазіргі уақытта 63 орын тексерілді оның ішінде 64 рұқсат берілді. Жалпы ағымдағы жылға 66 (оның ішінде 2 аквопарк) жағажай жұмыс жасайды. (Ақтөбе қаласы-19 (2 аквопарк), аудандарда-47). Оның ішінде оның ішінде 22 коммерциялық және 44 коммуналдық.
Әрі қарай АҚБ офицері Ж.Тулепбергенов ТЖД Жедел құтқару жасағының базасында 41 жасақшы- құтқарушы оқытылды, олар тиісті сертификаттар алғанын мәлімдеді.
Жыл сайын дене шынықтыру және спорт басқармасымен және Ақтөбе облысының білім басқармасымен бірлесіп балаларды дағдыландыру бойынша іріктеу жүргізіліп, суда жүзудің қарапайым әдістері үйретілуде, бүгінгі күні облыстың 20 стационарлық бассейнінде 1200 бала оқытылды.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы