Психологпен кездесу

Психологпен кездесу

2023 жылдың 18-19 мамыр күндері аралығында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының психолог бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Е.К. Абдигаппаров және Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны И.А. Мангубасов Ойыл ауданының  төтенше жағдайлар бөлімі және №18 Өрт сөндіру бөлімінде гарнизон жеке құрамымен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында алкогольдік ішімдік, есірткі, психотроптік заттарды қолдануды болдырмау және құмар ойындармен әуестенудің алдын алу бойынша аудандық ауруханасының нарколог-дәрігері Е.Е.Жолдыбаевтың және Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының психологы  Г.Е.Мукангалиеваның қатысуымен дәріс оқылды. Және де суицид туралы әңгіме ортаға салынып түсіндірме дәріс өткізілді.

Әңгіме барысында суицидке апаратын жағдайларға кеңінен тоқталып, соны орны толмас қайғылы жағдайға әкеліп соқтыратындығын баса айтып өтті. Жалпы өмірде түйіні шешілмейтін мәселе болмайтынын айтып, тығырықтан шығу жолдары бар екендігін жеткізді.      

Сонымен қатар ұжымда ауызбіршілік пен психологиялық климатты түрақтандыруға және алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Жиын соңынан сұрақтар бойынша өзіндерінің жеке қабылдауларын жүргізді. Жиында қозғалған мәселелерге байланысты жеке құрам қызметкерлері өз ой-көзқарастарын білдіріп пікір алмасты.

Күн соңында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының психолог бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Е.К. Абдигаппаров және Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны И.А. Мангубасов Ойыл ауданының гарнизоны қызметкерлерінің тұрғын үйлерін аралап, ата-аналары және туыстарымен сөйлесті. Тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Ойыл ауданының ТЖ бөлімі