«Қазқұтқару-2023»

«Қазқұтқару-2023»

15-18 мамыр аралығында Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан “Жартасты қала-Астана” оқу-жаттығу полигонында “Қазқұтқару-2023” халықаралық жиын семинары өтті. ТЖ алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг және сайыстар өтті. Ақтөбе облысының ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары аталған семинарға және сайысқа қатысуда. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде-жоғалған адамды іздеу, екінші кезеңде-түнгі уақыттағы адам іздеу болса, үшінші кезеңде-жүк тасымалын адамдарға жеткізу сынды кезеңдерден қатысушылар өткен болатын. Екі күндік сайыстың қорытындысы бойынша қысқа уақытта жақсы нәтиже көрсеткені үшін “Ақтөбе командасы” бірінші орынды жеңіп алды. 
Атап айтсақ, Харченко Рустам Сергеевич және Амантаев Ерболат Нұрболатұлы пилотсыз авиацияны қолдану бойынша халықаралық сертификатты иемденді. Семинарға Қазақстан төтенше ведомстволары қызметкерлерінен-45 адам, сонымен қатар, Қырғызстан,Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысты.

"ӨСжАҚЖҚ"ММ Баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы ТЖД