
2023 жылғы 16 мамырда ауыспалы құрам саны саны 95 адамнан тұратын «Өрт сөндірушілер» санаты бойынша бастапқы кәсіби дайындық курсының тыңдаушылары «Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» ҚБ төрағасы Б.Т. Айтқұлов және азаматтық қорғау органдарының зейнеткері А.Б. Алдабергеновпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Б.Т. Айтқұлов және А.Б. Алдабергенов қызметтік борыш, тәртіпті сақтау, қызметтік этика туралы әңгімелеп, таңдаған мамандығының маңыздылығы туралы айтып, адал және әдепті азаматтар болуға шақырды.
Кездесу соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зейнеткерлерге берілген тәжірибесі мен қызықты кездесуі үшін алғыстарын білдірді.