Қазіргі таңда елімізде дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекеті салдарынан қоғамдағы ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Үздіксіз және астыртын, ең бастысы ел санасын оңай жаулайтын әдіспен – дін атын жамылып жүргізілген мұндай әрекеттер халықты иманынан жаңылдыратын аса қауіпті әрекеттер болып саналады. Осы тұрғыда елімізге және азаматтарға қарсы бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасауға қабілетті адамдарды білу, дәстүрлі дінді еліміздің тыныштығына іріткі салатын теріс ағымдардан ажырата білу әрқайсымыз үшін маңызды.
Жеке құрамға дін мәселесін түсіндіру, дәстүрлі діннен теріс діни бағыттардың ара жігін ажырата білу және деструктивті діни бағыттарға тәуелді болудың алдын алу мақсатында 2023 жыл,ы 21 сәуірде Департаменттің және ӨС және АҚЖҚ» ММ офицерлік құрамына «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теологы Искаков Медет Нұрлыбекұлы және психолог маманы Хасенов Ақжол Нұрланұлының қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалына тәуелді болудың алдын алу және жат ағым жетегіндегі адамдармен дербес жұмыс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
Іс шара барысында мамандар дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын, олардың қоғамға келтіріп жатырған зияндары туралы мәлімет бере отырып, жеке құрамға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін дұрыс тәрбие бере білу керектігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жастарымыздың көбісінің діни білімінің төмендігінен алдау-арбауға оңай беріліп, адасып жатырғанын мысал келтіре отырып жеткізді. Теріс діни ағымдарға тәуелді болудың алдын алу және исламдағы отбасы мәселесі жайында кеңінен түсіндіріп, балаларына, жастарға тәрбие бере отырып, дұрыс бағыт беруге шақырды. Дәріс барысында қатысушыларға «Деструктивті ағымдардан сақ болыңыздар» тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, жат діни ағымдардан сақ болу бойынша жадынама таратылды.
Ақтөбе облысының ТЖД
Психологиялық қызмет тобы