Қызметкерлер марапатталды

Қызметкерлер марапатталды

Бүгін ТЖ департаментінде су тасқыны кезінде ерекше көзге түскен аға өрт сөндіруші А.Ермағамбетовқа "Спорт жұлдыздары" республикалық ғылыми-әдістемелік, спорттық-патриоттық журналы атынан "Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін медальін редактордың орынбасары Бақтияров Еркін Серікқалиұлы табыс етті.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы полковник М.Аманбаев қызметкерлерін мақтан ететінін және де басқа да әріптестеріне үлгі болатынын айтты.

Әрі қарай, апараттық жиында ТЖД бастығы М.Аманбаев ТЖ Министрі бұйрығымен Ырғыз ауданы ТЖБ бастығы А.Жаналинге, Хромтау ауданы «ӨСжАҚЖҚ»ММ бастығы Т.Машариковқа және Қобда ауданының бас маманы Д.Сарсенбаевқа азаматтық қорғау майоры шенін табыс етті.
Сондай-ақ, Алматы ауданы ТЖБ аға анықтаушысы С.Жамбыловқа «азаматтық қорғау аға лейтенанты» атағы берілді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы