
Ағымдағы жылдың Ақтөбе облысының аумағында 124 өрт тіркелді (2022 жылы – 104, 19,2 %-ға өсті), соның нәтижесінде 3 адам қаза тапты (2022 жылы-3, тұрақты), 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды (2022 жылы- 4, 75 %-ға өсті).
Материалдық шығын 33 млн. теңгеден асты (33 млн.142 мың теңге) (2022 жылы – 93 млн. 720 мың теңге, 2,8 ретке азайды).
|
2023 жылдың өрт қаупі кезеңінде облыс аумағында 5 га аумақта 1 орман өрті орын алды (2022ж -0. – 100% өскен),61 га аумақта дала массивтерінің 6 өрті орын алды (2022 жылы – 0 га, -100%-ға өскен), Хромтау ауданында малбазасында өрт орын алды 1200 кв,м 30 бұзау мен 40 тауық өлді., Алға ауданында Көктоғай ауылында үй толығымен өртенді. |
Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторындағы өрттер - 60 (2022 жылы - 47, 27,7% - ға өсті) және көлік құралдарының өрттері – 55 (2022 жылы-37, 48,6% - ға өсті) болып табылады.
Облыста жазғы кезеңде өрттің алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыру басталды.
Олар Өрттерді ерікті өртке қарсы құралымдармен өрт сөндіруді, минералдандырылған жолақтар құруды, рейдтер жүргізуді және бұзушыларды анықтауды, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, сондай-ақ еріктілерді даярлыққа келтіру үшін жұмысы жүргізіледі.
Барлық қызметтермен өзара іс-қимыл жасай отырып, өрт-техникалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізу жоспарланған. Жазғы айларында біз осындай 30 жаттығуды өткіземіз.
Облыс аумағын табиғи өрттерден қорғау үшін 5 жарым мың (5770) км қашықтықта минералданған жолақтарды орнату, 21 мың км (21450) астам қашықтықта жолақтарға күтім жасау жоспарланған.
Облыс аумағында 39 мобильді топ құрылды, олардың міндеті рейдтер жүргізу, демалушы адамдарға өрт қауіпсіздік шараларын түсіндіру, бұзушылықты анықтау. Соңғы бірнеше күнде 9 рейд жүргізілді, 172 мың 500 теңге сомасына 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (336-бап/,5 адам, 410-бап 1/ 5 адам). Шаруа қожалықтарымен 6 жиын және 118 адамды қамтитын 13 нұсқама өткізілді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен басқа шалғай елді мекендерді және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерді өрттен қорғауды әкімдіктер құрған өртке қарсы посттар жүзеге асырады.
2017 жылдан 2023 жылға дейін әкімдіктермен 40 өрт сөндіру бекеті құрылды, өртке қарсы қорғаныспен халық саны 75 мың адамды құрайтын 130 елді мекен қамтылды. 2024-2025 ж. ж. тағы 8 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.
2022 жылы облыс аумағында 441 Га алаңда 12 орман өрті, 2488 га алаңда 109 дала өрті орын алды.
Өткен жылдардағы өрттерді талдау көрсеткендей, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, көптеген жанудың пайда болу себебі адами факторы болып табылады.
Осындай өрттердің пайда болуына темекі шегушілер мен табиғат әуесқойлары кінәлі жәнеде иелердің өздері өткен жылғы шөпінің қоқыстарының үйдің жанында немесе шоптердің жанында өртейді.
Ақтөбе облысының аумағында қазіргі уақытта орманды дала аймағында өрт тіркелмеген, алайда тұрғын және саяжай алқаптарында қоқыстың жануы туралы хабарламалар күн сайын келіп түсуде.
Тұрғындар құрғақ шөпке сөндірілмеген сіріңке тасталған немесе темекі тұқылы санаулы секундтарда үлкен өртке айналатынын білулері керек, осыған орай күнделікті қырағылық таныта отырып, отпен барынша сақтық таныта отырып, өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтай отырып, орман және дала өрттерінің санын болдырмауға немесе азайтуға болады.
Елді мекендердің, ұйымдардың аумақтары, қызмет түріне және меншік нысанына қарамастан жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, құрғақ шөптен, үлпілдектерден, жанғыш материалдардан тез арада тазартылуы керек.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта от жағуға жол берілмейді.
Елді мекендерде, саяжайлар мен бақша үйлерінің аумағында мангалмен пайдалану кезінде қажетті ережелер:
1) мангал жабдықтау үшін кемінде 2 кг өрт сөндіргіш заты бар бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар ыдыспен жабдықтау қажет;
2) Мангал ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі кемінде 10 м қашықтықта болуы керек.
мангал орнатуға рұқсат берілмейтін ережелер:
1) құрғақ өсімдіктері бар жерлерде;
2) ағаштардың тәждерінің астында;
3) жанғыш материалдардан жасалған қалқалар астында;
4) тұрғын ғимараттың үй-жайларында
5)қосалқы ғимараттарда, гараждарда, шатырларда, тегіс шатырларда.
Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдырмаңыз. Пісіру аяқталғаннан кейін жанып жатқан көмірді жану толығымен тоқтағанша сумен толтыру керек.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 336-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, яғни 69 000 тенге(20 АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Айта кету керек, егер бұрын өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, қоқыс жағу және өрт фактісі анықталған кезде заңға сәйкес ескерту жасалса, енді айыппұл салынды.
Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 410-бабында көзделген.
|
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабына сәйкес, абайсызда (оның ішінде отқа абайсызда қарау) бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру, ірі залал келтіру–сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. |
Әрине, егер қоқысты жағу немесе отқа абайсыз қарау үлкен өртке алып келеді, мысалы, тұрғын үйге немесе бидай алқабына немесе адам зардап шексе, онда қылмыстық жауапкершілік қазірдің өзінде қарастырылған.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды.
Сақ болыңыз және қырағы болыңыз. Құтқару қызметінің телефоны "101", "112".