Ақтөбе облысында құдыққа құлаған сәбиді құтқарды

Ақтөбе облысында құдыққа құлаған  сәбиді құтқарды

21 наурыз күні  сағат 15:39-да  минутта Мәртөк ауданының ӨСБ-15 пультіне Жайсан ауылында 2 жасар баланың ашық тұрған құдыққа құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына  Мәртөк ауданының құтқарушылары жіберілді.

Шақыру орнына құтқарушылар жеткенге дейін  қыз баланың әкесінің досы Данияр есімді жігіт аяғын арқанмен байлап, ашық тұрған ұңғымаға түсіп, 2 жасар баланы алып шықты.

Даниярдың жылдам әрекетінің арқасында 2 жасар бала құтқарылып, аман қалды.

Дәрігерлердің қарауынан кейін бүлдіршін үйіне жіберілді.Қазіргі таңда жағдайы жақсы.

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі