Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

2023 жылғы 24 ақпанда Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің берген ұсынысына сәйкес Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй коммунналдық шаруашылығы басқармасында тұрмыстық газ баллондары мен өрттің пайда болуымен тұрғын үйлердегі жарылыстардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Нұрхат Қалдыбаев, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі газ толтыру станцияларының (ГТС), автомобильге газ құю станцияларының өкілдерін (АГҚС)  шақыра отырып жоғарда баяндалған мәселе бойынша дөңгелек үстел  өткізілді.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары  Н.Қалдыбаевтің және дөңгелек үстел қонақтарының баяндамалары тыңдалды.

Кездесу нәтижесінде сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы