Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе облысының 7-аудандарының аумағында ауа райының нашарлауына (көктайғақ, боран) және жолдардың жабылуына байланысты елді мекендерден шығатын авто жолдарда автокөліктер жиналды.

Барлығы: 596 жеңіл автокөлік, 1339 жүк көлігі , 23 жолаушылар автобусы.

ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 13 адам құтқарылды.

ЖАО-мен бірлесіп, жиналған орындардан 520 адам эвакуацияланды және 8 жылыту пунктіне орналастырылды, оның ішінде 7 бала.

5 жолаушылар автобусынан 136 Өзбекстан азаматы және 110 Тәжікстан азаматы бар.

Ауа райы жақсарғаннан кейін жолаушылар жолын жалғастырады.

Мұғалжар ауданы:

23 ақпан күні сағат 11:45-те 112 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылы, Жарық ауылында жүкті әйелдің жүкітілігіне қауіп төнгендігі және Жарық ауылына жол жоқтығы бойынша хабарлама түсті.

Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі, Жарық ауылынан жол талғамайтын Трэкол көлігімен азаматша Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына құтқарушылар жеткізді.

Мәртөк ауданы:

23 ақпан күні сағат 13:10-да 112 құтқару қызметіне «Мәртөк-Ақтөбе» тас жолы, Саржансай ауылы ауданында «Toyota Camry» маркалы автокөлік жолдан шығып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 3 азамат «Нұр» кемпингіне жеткізілді. Қауіп жоқ.

Хромтау ауданы

23 ақпан күні сағат 11:45-те 112 құтқару қызметіне          «Самара Шымкент» тас жолының 830 шақырымында «ВАЗ-2106» маркалы жеңіл автокөлігі бұзылып тұрып қалғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар көмегімен 4 азамат «Шерхан» кемпингіне жеткізілді. Қауіп жоқ.

Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Баспасөз қызметі